Димаштың стиліне қатысты айтылған белгілі сәнгердің сынына әншінің әкесі жауап берді

Димаштың стиліне қатысты айтылған белгілі сәнгердің сынына әншінің әкесі жауап берді
Сурет: 365info.kz

Димаштың киім кию үлгісін арнайы маман қадағалайды

Танымал сәнгер Лилия Рах «Алматы» телеарнасы Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында Димаштың сахналық киім кию үлгісін сынға алған болатын. Осыған байланысты әншінің әкесі Қанат Айтбаев сәнгердің сынына жауап берді. Ол Димаштың киім кию үлгісін қадағалайтын арнайы маман барын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы телеарнасының ресми

«Әрине, Димаштың стилистері бар. Біреуі оның сахналық образына жауап береді. Ал екіншісі шаш қою үлгісін қадағалайды. Бізде бәрі дұрыс», – дейді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.

Әншінің әкесі көпшіліктен сәнгердің сынына аса қатты мән бермеуді сұрады.

Айта кетейік, Димаш "Fly away" әні АҚШ-тың ең танымал Forbes журналының тізіміне кірді. Ән Twitter желісінде ең көп талқыға түсіп, 6-орын алды.