Димаштың «Be With Me» бейнебаянын Еuropa Plus TV көрсетеді

Димаштың «Be With Me» бейнебаянын Еuropa Plus TV көрсетеді
Сурет: Dimashnews.com

Бейнебаянның эфирден көрсетілуі Мәскеу уақыты бойынша 18:35-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:35-те).

30 шілдеде танымал ресейлік музыкалық Europa Plus TV телеарнасында Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Europa Plus TV телеарнасы 2011 жылдың 13 қаңтарында хабар тарата бастады. Ол тек танымал музыканың ең жақсы үлгілеріне және өз өндірісінің бағдарламаларына бағытталған. Europa Plus TV эфирінің негізін әлемдік және еуропалық диаграммаларда жоғары орындарға ие хиттерге арналған музыкалық бейнелер, сондай-ақ «Еуропа Плюс» форматына сәйкес келетін танымал ресейлік орындаушылардың бейнелері құрайды.