Димаштың ресейлік фанаты әншінің тегіне ауысты

Димаштың ресейлік фанаты әншінің тегіне ауысты
Сурет:Tengrinews.kz

Оның бұрынғы аты-жөні – Алексеенко Кристина Николаевна.

Димаштың шығармашылығымен 2019 жылдан бері таныс ресейлік фанат әншінің тегіне ауысып алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы фанат өзінің инстаграм парақшасында жазды.

«Ресми түрде Кудайбергенова болдым! Өзіме қатты ұнайды. Мына фамилиямен есімім де әдемі үйлеседі. Ди алғашқы секундтарда-ақ менің жүрегімді жаулап алған сияқты. Сол кезде-ақ «Құдайберген (ов)» деген құлағыма жағымды естілді», - деп жазды Кристина инстаграм желісінде.

Кристинаның жазуынша, 2021 жылдың қаңтарында ата-анасы, сол жылдың сәуірінде әжесі қайтыс болған. Тыңдарман қайғысына Димаштың әнінен жұбаныш тапқанын жазады.

«Димаштың әндерін қайта-қайта тыңдадым, жүрегімнің ауырғанын басты. Өмірге деген құлшынысым оянды. Өмір сүруім керек екенін түсіндім. Маған жасаған жақсылығының өтеуіне фамилиясын аламын. Димашқа шексіз рақмет», - деп жазды ол.