Димаштың Бразилиядағы жанкүйерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Димаштың Бразилиядағы жанкүйерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстандық әншінің фанаттары бір аптада 130500 теңге жинаған.

Димаш Құдайбергеннің DQFCB фан-клубы Пернамбукодағы су тасқынынан зардап шеккен 26 отбасына азық-түлік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Dimashnews.com сілтеме жасап. 

Маусым айында Димаш Құдайбергеннің Бразилиядағы фан-клубы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы басталғанын жариялаған болатын. 

Бір аптаның ішінде Dears бірігіп 1450 реал (~130500 теңге) жинады, ол азық-түлік пен алғашқы кезектегі қажет заттарды сатып алуға жұмсалды. 

2022 жылдың 3 шілдесінде фан-клуб мүшелері Ясмим Габриэлли мен Зорая Алвес Пернамбуко штатындағы Игаразу қаласынан 26 отбасына азық-түлік сыйлады. 

Бразилиядағы Димаш фан-клубы қайырымдылық акциясына қатысқан барлық қамқор Dears-қа шын жүректен алғысын білдірді, сондай-ақ осы қиын уақытта барлық мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге дайын екенін айтты.