Димаштың Антальяда өтетін концертінің орны ауыстырылады

Димаштың Антальяда өтетін концертінің орны ауыстырылады
Сурет: Facebook.com

Димаш Құдайберген дауылды ескертуге байланысты Антальядағы концерті өтетін орын өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Құрметті достар! 6 мамырға Антальяда жарияланған дауылды ескертуге байланысты Димаштың»Stranger«концерті Ақдениз ашық стадионынан Antalya EXPO 2016 аумағында орналасқан Antalya EXPO Kongre Merkezi жабық алаңына ауыстырылатынын хабарлаймыз», - делінген әншінің парақшасында  жарияланған хабарландыруда.

Сондай-ақ барлық көрермен сағат 16:00-20:00 аралығында Ақдениз стадионынан жаңа алаңға дейін және кері бағытта тегін трансфер ұйымдастырылатыны айтылған. Кері қайтушыларға уақыт шектеуі жоқ. Концерт залына өз бетімен жетуге де болады.
Толық ақпарат https://dimashali.com/event/antalya/ парақшасында орналастырылған.