Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты
Сурет: Inform.kz

Әншінің жаңа бейнебаяны көрерменге жол тартты

«OMIR OTER» деген атаумен шығатын жаңа музыкалық туынды - адамның дүние есігін аттаған сәтінен бастап өмірінің соңына дейінгі тағдырын образды түрде бейнелейтін әсерлі жоба. Дарынды әнші алғаш рет өз әнін DIMASH DIGITAL SHOW онлайн-концертінде орындаған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жоба режиссёрі - Анна Обоянская. Украиналық маман Димаштың декорация, костюм, қиын қойылымдарсыз-ақ кеңістікті ерекше болмысымен толтыру қабілетін атап өткен болатын.

«Халқына пайдасы тиіп, бір арманына жетсе екен дегеннен туындаған дүние. Әркім әртүрлі қабылдауы мүмкін. Бірақ бұл клиптің ішінде қазіргі көзқарас және бұрынғы өтіп кеткен дәуірлердегі тарихқа көз жүгіртетін жастардың бізге дейін де тау-тұлғалар өтіп кеткен, біз солардың ісін жалғастыра алатындай ұрпақ бола алып жүрміз бе деген ойды айтатын дүние», - деді әншінің әкесі Қанат Айтбаев.

Бейнеклип түсірілімі елорда төріндегі «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті. Кейіпкерлердің образдарын елордалық театрлардың жетекші актерлері, жас әртістер, еліміздің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері сомдап шықты. Түсірілімге қатысқан ең жас актриса небәрі екі жаста.