Димаш Құдайберген Азияның сымбатты жігіттері арасында көш бастап тұр

Димаш Құдайберген Азияның сымбатты жігіттері арасында көш бастап тұр
Сурет: Inform.kz

«King Choice» рейтінгінде Димаштың жинаған дауысы - 7 млн 798 мың 

Есімі әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде (Азиядағы ең сымбатты 100 жігіті) бірінші орында тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Kingchoice.me сайтында жүргізіліп жатқан дауыс беру 30 қыркүйек күні аяқталады. Ал бүгінгі деректерге сәйкес, жанкүйерлерінің 7 млн 798 мың дауысын жинаған Димаш Құдайберген бірінші орында тұр. Ал екінші орындағы Оңтүстік Кореяның BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin) 7 млн 371 мың дауыс жинаған. Үздік үштіктің қатарында тағы корейлік өнер иесі бар. Актер Ча Ынудың 1 млн 350 мың дауысы бар. Айта кетейік, 19 қыркүйекте «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосқан болатын. 

«Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев та әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды отандасымызға дауыс беруге шақырған еді. Бұл үндеу жасотандықтар арасында челленджге ұласты.