Димаш Қытайда телешоуға қатыспақ

Димаш Қытайда телешоуға қатыспақ
Сурет: Мuz-tv.ru

Бұл ешқандай да вокалдық сайыс емес.

Әнші шоудың түсірілімі үшін Бейжіңнен Уси қаласына ұшып барғанын Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Бейжіңнен Уси қаласына ұшып келдік. Жақын арада бір қызықты бағдарламаға қатысқалы жатырмын. Бұл жобада Қытайда танымал әртістер 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлініп, өзара топтардың ойындарын жүргізеді. Бұл ешқандай да вокалдық сайыс емес. Өйткені жобада танымал әншілер, актерлер, реперлер, бишілерден топ жасақталып, сол топты жоба соңына дейін жеткізу қажет. Бұл жоба сіздер үшін де қызық болады деп ойлаймын», – деп жазды әнші өз парақшасында.