Димаш Қысқы Олимпиада ойындарында ән шырқайды

Димаш Қысқы Олимпиада ойындарында ән шырқайды Cурет: Baq.kz

Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына 60 спортшымыз қатысады


2022 жылдың басты жаңалығы Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді. Оған еліміздің спортшылар 60 жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ақпаратынша, атлеттер жеті спорт түрі бойынша бақ сынайды. Олар: шаңғы спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл (могул, акробатика), тау шаңғы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты.


Соңғы іріктеу жарыстары осы айда өтеді. Ал квота мен жолдама бөлу 16 қаңтарда аяқталады. Осыдан кейін Олимпиада ойындарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының делегациясы жасақталады.


Сондай-ақ Димаш Құдайберген әлемнің бірнеше елінің әншілерімен бірлесіп Қысқы Олимпиада ойындарына музыкалық сый әзірлеп жатыр. Бұл туралы әнші өзінің  Instagram парақшасында жазған болатын.



«Ортақ болашақ үшін бірге». Бұл енді Қысқы Олимпиада және паралимпиада ойындарының ресми ұраны ғана емес, сонымен қоса музыкалық эстафета. Желтоқсанның басында әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар алдағы Бейжің Олимпиадасында ән айтуымды сұрады. Соның нәтижесінде түрлі ел мен құрлықтан ондаған адамның даусын біріктірген музыкалық хит пайда болды», – деп жазды Димаш Құдайберген.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09