Димаш «Славян базарында» өнер көрсетті

Димаш «Славян базарында» өнер көрсетті
Сурет: Dimashnews.com

Витебскідегі XXX халықаралық өнер фестивалінің ашылуында Димаш Құдайберген «Любовь похожая на сон» және «Be With Me» әндерін жанды дауыста орындады.


Салтанатты ашылу рәсіміне «Славян базары – 2015» жеңімпазы, осы шараға шақырылған қонақ және эстрадалық әндер байқауындағы қазылар алқасының мүшесі Димаш Құдайберген қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Мерейтойлық фестивальді Беларусь Президенті Александр Лукашенко ашты.


«Бүгінгі Витебскідегі фестиваль – бұл кәсіби вокалдық шеберліктің беделді халықаралық байқауы… бұл сахна Таисия Повалий, Руслана, Петр Елфимов, Алена Ланская, Димаш Құдайберген және басқа да көптеген танымал әртістердің жарқын мансабына бастау болды», – деп атап өтті президент.


«Қымбаттыларым, сүйікті тыңдармандарым»! Бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Дәл осы жерде, осыдан тура 6 жыл бұрын, мен ересек шығармашылық өмірге «жолдама» алдым», – деп Димаш көрермендермен амандасты. 


Әртіс көрерменге өзінің ата-анасын таныстырып, жанкүйерлерімен бірге анасы Светлана Айтбаеваны туған күнімен құттықтады.