Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне бейнебаян жарияланды

Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне бейнебаян жарияланды
Сурет: Adyrna.kz

Димаш Құдайбергеннің «Zhalyn» атты жаңа әніне түсірілген бейнебаян жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақ тіліндегі «Zhalyn» әнін қазақстандық композитор Еділжан Ғаббасов Димаш Құдайбергенмен бірлесіп жазған.

«Zhalyn-ды 2020 жылы Димашпен кездескен кезде жаздым. Өлеңнің әуенін жаза отырып, Димашқа әннің үзіндісін көрсеттім,кейін ол қайырмасын жазды. Осылайша, бұл композиция біздің шығармашылық тандемімізде дүниеге келді. Менің ойымша, барлық тыңдарманға бұл туынды ұнайды. Ал біз оларға көптеген сапалы туындыны бұдан әрі де сыйлай беретін боламыз», - деді Е.Ғаббасов.

Сондай-ақ оның айтуынша, бұл әнге туған жер, қазақ еліне қатысты леп қосқысы келген, онымен бір мезгілде заманауи үн де болғанын қалаған.

«Бала кезімде Стиви Уандер, Майкл Джексон және басқа да сапалы музыканы көп тыңдадым. Көбіне бұл менің жеке шығармаларымды жасау кезінде шабыттың негізгі көзі болып табылады. Zhalyn әні үш бөліктен тұрады және екінші бөлігі маған өте ұнайды, өйткені онда қазақ рухы бар».

Композиция мәтінін EL ARNA телеарнасының продюсері, талантты ақын Нұржан Асхатұлы жазған. Нұржан әннің негізгі тақырыбы махаббат екенін айтты. Алайда, махаббаттан басқа, мінез бар.

Ад Димаш «Zhalyn» әнінің мазмұнын өзі таңдаған, оның қандай болу керектігін түсіндірді. Осылайша, Нұржан әуенді қайта-қайта тыңдай отырып және әннің негізгі тақырыбына сүйене отырып мәтінді жазған.

Әсерлі композицияға бейнебаянды қазақстандық режиссер Шыңғысхан Тәжікеев MOOD VIDEO жанрында түсірді.