Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлеріне арналған радиостанция Антарктидада хабар тарата бастады

Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлеріне арналған радиостанция Антарктидада хабар тарата бастады
Cуреттер: Dimashnews.com

Димаш Құдайбергенге және және Dears-ке арналған La Era Dimash радиостанциясы Антарктидаға жетті.

Бұл туралы радио жүргізушілеріне берген сұхбатында «Эсперанза» ғылыми-зерттеу станциясының қызметкерлері айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

La Era Dimash-тың жасаушылары Аргентинада өз радиосын енді ғана іске қосқан кезде қазақстандық әртістің дауысы жер шарының әр түкпірінде естілуін қалады.

«Радиостанция алғаш рет эфирге шыққанда, біз өзімізді өте бақытты сезіндік. Күн сайын La Era Dimash бағдарламасы көрсетілген елдердің тізімі көбеюде. Олардың арасында бұрын естімегендері де болды. Енді екі жылдан кейін біздің радио 96 елде хабар таратады», – деді радиостанцияның басшысы Паола Профета.

2022 жылдың 11 қазанында «Эсперанза» зерттеу станциясынан хабар тарататын LRA36 радиосының қызметкерлері (шамамен Антарктика түбегінің қиыр солтүстігінде орналасқан аргентиналық зерттеу станциясы) La Era Dimash-қа қызықты сұхбат берді.

Әңгіме барысында Клаудия Альбаррасин, Мария Евгения Родригес, Ромина Забалза және Мариэла Чуркина алыс және суық континенттегі өздерінің қиын, бірақ өте қызықты жұмыстары туралы айтып, La Era Dimash хабар таратуы Антарктидаға жеткенін және қыздар қазақстандық әртістің әндерін тыңдауға мүмкіндік алғанын растады.

«Димаштың дауысын алғаш естігенде, біз шынымен таңқалдық. Оның әдемі әндері бар, өте үлкен талант!» – деп бөлісті олар.