Димаш Құдайберген Куала-Лумпурда жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Куала-Лумпурда жеке концертін өткізеді
Сурет: Instagram.com

Концерт 19 қараша күні өтеді. 

Димаш Құдайберген алғаш рет Малайзияда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Димаш Құдайберген Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы Axiata Arena Bukit Jalil аренасында тұңғыш рет STRANGER атты жеке концертін береді!», - делінген dimash.news парақшасында.

Концерттің өтетін күні: биылғы 19 қараша, басталуы – 20:30.

Билеттерді сату Ticket2U сайтында 21 қазан күні сағат 11:00-де басталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DimashNews (@dimash.news)