Димаш Құдайберген Германияда жанкүйерлерімен кездесті

Димаш Құдайберген Германияда жанкүйерлерімен кездесті
Сурет: Dimashnews.com

Сәуірдің 9 күні Димаштың Дюссельдорф қаласында концерті өтеді.

Дюссельдорф әуежайында Димашты оның шығармашылығының жанкүйерлері жылы қарсы алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz әншінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ерлер мен әйелдер, жас, ересектер мен балалар – бүгін көптеген жанкүйерлер Германияға алғашқы жеке концертін өткізуге келген сүйікті әншіні қарсы алу үшін жиналды. 

Әртіс келгенге дейін жанкүйерлер әуежайда жиналып өз әсерлерімен алмасты, Димаштың сүйікті әндерін талқылады.

Чили, Аргентина, Германия, Ұлыбритания, Аргентина, Австралия, Жаңа Зеландия, Бразилия, Испания, Нидерланды, Колумбия, Норвегия және басқа елдердің өкілдері өз тілдерінде сүйікті әртісті қуана қарсы алды. 

«Сәлеметсіз бе?», «Рақмет сізге!» деген әртүрлі елдердің жанкүйерлерінің қазақ тіліндегі сөздері ерекше әсерлі естілді. 

Димаш жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін үшін алғысын білдірді, жақында қалыптасқан дәстүр бойынша жас жанкүйермен сыйлықтар алмасты, бірнеше қолтаңба берді. 

Еске салайық, 9 сәуірде Дюссельдорфтың «ISS Dome» стадионында Димаштың «ARNAU» туры аясында алғашқы концерті өтеді. 

Әртіс өзінің концерттік турының жаңартылған бағдарламасын ұсыну үшін Dears-пен кездесуді асыға күтеді.