Димаш Құдайберген Армения, Түркия, Малайзияда концерт береді

Димаш Құдайберген Армения, Түркия, Малайзияда концерт береді
Сурет: Ашық дереккөз

Анталиядағы концерт билеттерінің сатылымы 23 қаңтарда басталды.

Stranger туры аясында үш елде Димаштың ауқымды шоу-концерттері өтпек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

DimashAli шығармашылық орталығы 2023 жылы Түркияның Анталия қаласындағы Ақдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлаған еді. Әншінің өзі де Instagram-дағы парақшасы арқылы концерттің қандай қалаларда болатынын айтты.

29 сәуір Арменияның Ереван қаласында
6 мамыр Түркияның Анталия қаласында

24 маусым Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Димаш Құдайбергеннің концерті болады.

Ал Анталиядағы концерт билеттерінің сатылымы 23 қаңтарда басталды. Dimashali.com сайтынан алуға болады.

Айта кетейік, қазір Димаш Үндістанда жүр. Ол жап-жасыл бақтың ішінде тұрып, тыңдарманына бейнеүндеу жолдады.