Димаш Құдайберген алматылықтарға тосынсый дайындауда

Димаш Құдайберген алматылықтарға тосынсый дайындауда
Сурет: Egemen.kz

Димаш Құдайберген Алматыдағы жеке ән кешіне дайындалып жатқан сәтінен видео бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, 22 қыркүйек күні Алматыда әншінің алғашқы жеке ән кеші өтеді. Димаш Құдайберген осы жолы испан тілінде ән жазып жатқанын хабарлады.

«Жаңа туындыларымның оркестрлік жазбасына ұшып бардым. Латынамерикалық достарымның сұрауы бойынша музыканы испан тілінде жаздым. Концертке дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр», – деп жазды әнші өзінің Instagram-дағы парақшасына.