Димаш атаның мұражай-үйінде болған оқиға

Димаш атаның мұражай-үйінде болған оқиға
Сурет: Kunaevast.kz

Көрмеге шақырту алған сәт

Бір күні әлеуметтік желіден қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев туралы деректі фильм көрдім. Онда көрме күніне арнайылап түсіріпті. Тау тұлғаның тұрған қонысы, ұстаған заттар барлығы қамтылған. Соны көріп бола, мен де көрмеге бармаққа беттедім. Төлебаев көшесіндегі пәтеріне келдім. Есікті үлкендеу жастағы апай ашты. Аралап жүрмін. Осыншама биікке көтерілген адамның қарапайым тұрмыс кешкеніне іштей разы болдым. Әлгі кісі музей директоры екен. Димаш атадан қалған экспонаттарды таныстырды. Әңгімеміз сыр-сұхбатқа айналды. Қайтарда көрмеге шақырып, Димаш Ахметұлының суреті бейнеленген үлкен күнтізбені берді. Ырымдап! Рахметімді айтып, пәтеріме оралдым.