Димаш Алматыда концерт өткізеді

Димаш Алматыда концерт өткізеді
Сурет: Ашық дереккөз

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі - орталық стадионда өтеді

2022 жылы 23 қыркүйекте Алматыда Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

«2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында "Stranger" атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі - орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын, Сіздерді асыға күтемін! Билеттерді сатудың басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Ақпаратты жіберіп алмаңыз!»,-деп жазды әнші.