Димаш Құдайберген «Новая волна-2021» байқауында қазылық етпек

Димаш  Құдайберген «Новая волна-2021» байқауында қазылық етпек
Сурет: 24.kz

Аталмыш байқау 19-25 тамыз аралығында Сочи қаласында өтеді.


Әншінің Instagram парақшасынан белгілі болғандай, Димаш Құдайберген «Новая волна-2021» байқауындағы әділқазылар алқасының құрамына кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Димаш Құдайберген бұған дейін «Славян базарында» қазылық еткен болатын.


Бұл байқаудың соңғы мәресіне Ресей, Австралия, Армения, Беларуссия, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Казахстан  мен Нидерланды елдерінің орындаушылары шығады.


«Новоя волна-2021» байқауына Қазақстанның атынан Mezzo тобы қатысады.