Диетолог қанттың денсаулыққа қауіпті жасырын көздері туралы айтты

Диетолог қанттың денсаулыққа қауіпті  жасырын көздері туралы айтты Сурет: Iz.ru

Қанттың жасырын көздері денсаулыққа кері әсер етеді


Тамақтану рационын жоспарлағанда азық-түлікті таңдауда сақ болу керек, себебі олардың құрамында қанттың жасырын көздері болуы мүмкін. Бұл азықтың зиянды әсері туралы РИА Новостиге берген сұхбатында диетолог Светлана Зеленцова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі. 



«Қантты көп тұтыну калорияның жоғарылауына, демек, артық салмақпен байланысты екені белгілі. Қанттың аса көп мөлшерде үнемі ағзаға түсуі клеткаларды сезбейді, инсулинге төзімділік дамиды, бұл екінші типті қант диабетіне әкеледі, Альцгеймер ауруының, обырдың кейбір түрлерінің қаупін арттырады. Зерттеуде қанттың фагоцитоз процесіне кері әсері дәлелденді, яғни, бұл иммунитетке әсер етеді», - деп атап өтті Зеленцова. 


«Қант молекулалары ақуызға «жабысады», осылайша соңғысының құрылымы мен қызметін бұзады. Атап айтқанда, коллагеннің қызметі осылай бұзылады, бұл терінің тез қартаюына әкеледі. Артық қант (бірінші кезекте, фруктозалар) бауырға теріс әсер етеді», – деп толықтырды маман.



Диетолог қанттың жасырын көздеріне мән беруге шақырды, оларға нан, жартылай дайын өнімдер, тез әзірленетін кашалар, мюсли, құрғақ таңғы астар, консервіленген өнімдер, йогурттар, шырындар мен алкоголь өнімдері жатады. Олардың этикеткасында көбінесе құрамында қант бар екені басқаша көрсетілуі мүмкін (мысалы, инвертті сироп, глюкоза, агава шәрбаты, гидролизденген крахмал, жемісті шырынның концентраттары, кокос қанты, қоюлатылған қант құрағы, т.б.)


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09