Диетолог арықтауға көмектесетін шөпті атады

Диетолог арықтауға көмектесетін шөпті атады
Сурет: Gavrishprof.ru

Көк шөптің құрамында көмірсулар аз, сондықтан оны көмірсулары төмен диетада пайдаланған тиімді

Асжапырақ (шпинат) арқылы арықтау - ең жақсы әрі ең қауіпсіз әдіс. Мұндай пікірді Дженни Чемпион есімді диетолог алға тартып отыр, деп жазады Eat This, Not That! Басылымы.

Дәрігердің айтуынша, көк шөптің бұл түрі салмақты бақылауда ұстауға көмектеседі, жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупі мен дамуын бәсеңдетуге әсер етеді, қан қысымы мен холестерин деңгейін қалыпқа келтіріп, ми жұмысының зеректігін сақтауға көмектеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН-тв сайтына сілтеме жасап.

 «Калориясы аз болғаннан кейін асжапырақ (шпинат) диета кезінде ең жақсы көмекші құрал болып саналады. Бұл өнімнің 100 грамында небәрі 23 калория бар», - деді диетолог.

 Оның айтуынша, шөп құрамында көмірсулар аз, сондықтан бұл оларды диета ұстауда тиімді ете түседі «Бұл - өте жоғары талшықты құрам. Осының арқасында адам өзін тоқ сезінеді. Сіз порцияларды азайта бастайсыз», - деді сарапшы. 

Бір ескеретін жайт, салмақ тастауда көк шөпті көп қолданудың қажеті жоқ, себебі одан қалқанша безінде бұзылыстар болып, жалпы, арықтау барысын қиындатуы мүмкін.

 «Оның үстіне, шпинатты өте көп мөлшерде тұтыну бүйректе тастың түзілуіне әкелуі мүмкін», - деді сарапшы.

Дәрігер, ең дұрысы, асжапырақты күніне бір кеседен аспайтындай мөлшерде ғана қолдану керек.