Дэвис кубогі: Қазақстан Чили құрамасынан жеңіліп қалды

Дэвис кубогі: Қазақстан Чили құрамасынан жеңіліп қалды
Сурет: Ашық дереккөз

Осы ойында ұтса ғана Қазақстан құрамасы жолдама үшін таласты жалғастыратын еді.

Ла-Серена қаласында Дэвис кубогінің іріктеу матчында Қазақстан Чили құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандықтар жұптық сында жеңіліп қалғаннан кейін кортқа Александр Бублик пен Кристиан Гарин шықты.

Осы ойында ұтса ғана Қазақстан құрамасы жолдама үшін таласты жалғастыратын еді.

Бірінші партияда К.Гарин 4:1 есебімен алға кетті. А.Бублик есепті қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 4:6.

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді. Сосын мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте чилилік спортшы брейкпен алға кетті – 3:1. Ақыры ол бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Чилиге 1:3 есебімен жол беріп, Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шыға алмай қалды.