Дербес жауапкершілік институты енгізілді

Қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі туралы

 Бәрімізге белгілі болғандай, 2019 жылдың 10 желтоқсанынан бастап басшылардың өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін дербес жауапкершілігі институты енгізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне осы мәселе бойынша жұмысты үйлестіру жүктелген болатын.

Аталған институтты іске асыру кезінде мынадай негізгі шарттар ескерілді. Атап айтқанда, соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі не қылмыстық қудалау органының немесе соттың қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша қысқарту туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ бағынысты адам жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінә арасындағы байланыстың анықталуы.

Енгізілген түзетулер 2019 жылғы 10 желтоқсанда қолданысқа енгізілгендіктен, отставкаға шығу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы талаптар, егер қарамағындағы адам сыбайлас жемқорлық қылмысын 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін жасаған жағдайда қолданылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік саяси қызметшілердің отставкаға шығуына, ал мемлекеттік органдардың басшылары, егер олар тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылатынына назар аударылады.

Департаменттің 2020 жылы жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін — 41 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде сөгіс — 6, қатаң сөгіс — 14, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту — 10, атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату — 11.

Аталған институттың заңнамалық деңгейде енгізілуімен елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа сапалы кезеңі басталғанын атап өту қажет.

Департамент, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін басшылардың жауапкершілігі туралы заңнамалық норманың орындалуына мониторингті жалғастыруда.

Э.Темиралинова, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы                                      

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *