Депутаттарға жыл сайын қанша ақша жұмсалады?

Депутаттарға жыл сайын қанша ақша жұмсалады?
Сурет: Kazakhstan Today

Бұл сұраққа Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді.

Министрдің айтуынша, Парламент палаталарына жыл сайын 6,5 миллиард теңге жұмсалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Парламенті екі палатадан тұрады. Жоғары палата - Сенат, Төменгі палата - Мәжіліс.

«Мәжіліс пен Сенат депутаттарына қарастырылған қаражат - бұл ашық ақпарат, республикалық бюджеттің баптарында көрсетілген. 2023 жылға Парламенттің екі палатасын қаржыландыруға 6,5 миллиард теңге бөлінген. Бұл жерде жалақылары бар, іссапарға баратын қаражаты бар, ұшақ, тәуліктік қаражат және тағысын тағы», - деді Жамаубаев.

Сенатта 50 депутат, ал мәжілісте 107 депутат бар. Жақында Президент Төменгі палатаны таратып жіберді. Келесі айда Мәжіліс сайлауы өтеді.