Депозиттерге өтемақы төлеуге өтініш қабылдау мерзімі аяқталуға жақын

Депозиттерге өтемақы төлеуге өтініш қабылдау мерзімі аяқталуға жақын
Сурет: Turkystan.kz

Өтемақы депозитте 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі аралықта депозитте болған ең аз қалдық ақшаға есептеледі.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) депозиттер бойынша өтемақы төлеуге өтініш қабылдау 5 күннен соң аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«10 ақпаннан кейін өтініштер қабылдау автоматты түрде аяқталады», - деді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан.

Соңғы деректер бойынша 2023 жылдың 3 ақпанына қарай, банктер депозиттер бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеуге салымшылардан 306,2 млрд теңгеге өтініштер қабылдады. Бұл өтемақының әлеуетті сомасының 92,9% құрайды.

«Қандай да бір себептермен өтініш бермеген салымшыларды мемлекет беретін біржолғы сыйлықақыны алуға өтініш беруге шақырамыз. Бұл үшін салымшы депозиті ашылған банкке жүгінуі тиіс. Мұны соңғы күнін қоса алғанда осы жылдың 10 ақпанына дейін банктердің бөлімшелерінде немесе мобильдік қосымша арқылы онлайн түрде жасауға болады. Банктер сыйлықақыны 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төлей бастайды. Осы ретте өтемақы салым бойынша банктер төлейтін пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің үстінен қосымша есептелетіндігін атап өткім келеді», - дейді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.

Өтемақы депозитте 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі аралықта депозитте болған ең аз қалдық ақшаға есептеледі.