Денсаулық сақтау министрі Қазақстанның коронавирусты жұқтырудың төрт толқынынан өткенін айтты

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанның коронавирусты жұқтырудың төрт толқынынан өткенін айтты
Сурет: Kaztag.kz

Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша "сары" аймақта тұр

 Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус жұқтыру қарқыны бойынша төртінші толқынның өткенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан індет жұқтырудың төрт толқынынан өтті. Бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының пайда болуына қатысты», - деді А. Цой. Оның айтуынша, соңғы рет індет жұқтыру деңгейі артқанда кезеңде тәулігіне 7 800 жағдай тіркелген. «КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы жұмыстарды уақытылы жүргізуге байланысты індеттің таралуы қарқынын тежеуге әрі елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға ықпал етті», - деді министр.

Алексей Цой қазіргі кезде Қазақстан коронавирустан «сары» аймақта тұрғанын айтты.