Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға алаңдап отыр

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға алаңдап отыр
Сурет: Turkystan.kz

Себебі ел ішінде қызылша ауруы асқынып барады.

Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі эпидемиологиялық ахуалға алаңдап отыр. Жыл басынан бері қызылша жұқтырды деген күдікпен он бір облыста елу алты науқас тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Оның жиырмасы расталыпты. Қазір жеті өңірде осы дертпен ауырғандар бар. Қалғаны әлі тексеріліп жатыр.

«Алматы қаласында жеті жағдай, Жетісу облысында бес жағдай, Қарағанды облысында үш жағдай және Астана, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарында бір-бір жағдай тіркелді қазіргі кезде. Ол өте жұқпалы ауру. Екпеден өтпеген адамдар қызылшамен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болса, жүз пайыз қызылшамен ауырады», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.