Денис Никиша: Бұл - бүкіл командамызға ортақ жеңіс

Денис Никиша: Бұл - бүкіл командамызға ортақ жеңіс
Сурет: 123ru.net

Жеңістен кейінгі пікір

Шорт-тректен Бейжіңде өткен әлем кубогінің алғашқы кезеңінде қазақстандық Денис Никиша қола жүлдегер атанған болатын. Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берген спортшы өз жетістігін ортақ жеңіске балады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"500 метрге жүгіруден қола жүлдегер атандым. Олимпиадаға жолдама беретін лицензиялық жарыста жүлделі орын алу - үлкен жетістік.

Бұл - менің ғана емес, бүкіл команданың ортақ жеңісі. Келесі кубоктік жарыстарда да барымызды саламыз.

Бізге қолдау көрсетіп жатқан басшылыққа, бапкерлерге, Ұлттық Олимпиада комитетіне көп рахмет. Алға, Қазақстан!" - деді Денис. 

Айта кетелік, шорт-тректен әлем кубогінің екінші кезеңі Жапонияның Нагоя қаласында 28 қазан күні басталады.