Денис көш бастады

Денис көш бастады
Сурет: Оlympic.kz

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) шорт-тректен әлемдік рейтингті назарға ұсынды

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, әлем кубогінің екі кезеңінен соң қазақстандық Денис Никиша көш басында келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атап айтар болсақ, Денис 500 метрге жүгірушілер арасында 12 800 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орында венгриялық Шаолин Сандор, үшінші орында Оңтүстік Корея өкілі Хванг Да Хон. 

1500 метрге жүгіретін спортшылар арасында Әділ Ғалиахметов 8000 ұпаймен бесінші орында келеді. Бұл қашықтық бойынша ресейлік Семен Елистратов 15 120 ұпаймен көш бастап тұр. 

Айта кетелік, Әділ Ғалихаметов Бейжіңде (Қытай) өткен әлем кубогінің алғашқы кезеңінде күміс жүлдегер атанды. Ал Денис Никиша Бейжің және Нагояда (Жапония) өткен кубоктік кезеңдерде екі рет қола медаль жеңіп алды.