Демалыс күнгі локдаун алынатын болды

Демалыс күнгі локдаун алынатын болды
Сурет: Dreamstime

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімдерді мақұлдады.  

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

  1. Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап  рұқсат беріледі:  

ASHYQ жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін,

ASHYQ жобасының көшбасшылары - ASHYQ қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакциналанғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін;  

сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне.  

  1. Ағымдағы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері:  

ASHYQ жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін,

ASHYQ жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.  

Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінен бастап енгізу жоспарлануда.