Демалыс күндеріне арналған ауа райы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы
Сурет: Radiokp.ru

Қазақстанның батысында жаңбыр жауып, температура төмендейді.

«Қазгидромет» РММ демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Батыс өңірлер белсенді фронталды бөлімдер аймағында болады. Мұнда найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел тұрады және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклонның әсерінен құрғақ және шуақты ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.

Елдің батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 7... 18, күндіз 17....26 жылы, солтүстікте ауа температурасы түнде 4 ... 13, күндіз 22....30 жылы, орталықта және шығыста түнде ауа температурасы 2....17, күндіз 25....36 градус, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 14 ... 22, күндіз 29....38 градус болады»»