Демалыс күндері Қазақстанда ыстық болады

Демалыс күндері Қазақстанда  ыстық болады
Сурет: Wemontreal.com

Кей өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қазақстан аумағын қамтыған аномальды жылу алдағы демалыс күндері сақталады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және орталығында ауа температурасы түнде +15+23℃, күндіз термометрлер +35+40℃, еліміздің шығысында ауа температурасы түнде +12+20℃ +17+25°С, күндіз +27+35℃ +30+38°С, ал оңтүстік-батыста, Қазақстанның оңтүстігінде түнгі температура +20+28°С, күндіз +35+45°С болады.