Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Сурет: Ru.dreamstime.com

Ауа райы тұрақсыз болмақ.

«Қазгидромет» РМК Қазақстандағы 20-22 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Болжам бойынша, 20-21 қарашада солтүстік-батыс суық антициклон республиканың шығыс бөлігінде өз әсерін сақтайды, жауын-шашын күтілмейді. Ал, еліміздің батыс бөлігі келесі атлантикалық циклонның ықпалында болады, онымен тұрақсыз ауа райы сақталады.

22 қарашада республиканың басым бөлігінде қар, көктайғақ, екпінді жел күтіледі, солтүстік бөлігінде бұрқасын болады.

«Батыста ауаның негізгі фондық температурасы түнде 2 -5 градус аяз, күндіз 0-10 градус жылы болады. Солтүстік-батыста, республиканың солтүстігінде түнде 6-16 градус аяз, күндіз 0-9 аяз, шығыста және кей жерлерде аяздың беті қайтып, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі», - делінген хабарламада.