Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Сурет: Рinterest.com

Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады.

«Қазгидромет» алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Елдің көп бөлігінде солтүстік циклонның фронталды бөлімдерінің әсерінен әлі де найзағаймен жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел екпіні күшейіп, солтүстікте кей жерлерде тұман күтіледі», - делінген хабарламада.

Батыста ауа температурасы түнде +17+25℃, күндіз +28+39℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6 +21℃, күндіз термометрлер +20+36℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +23 +35℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+22°С, күндіз +29+40°С болады.