Демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?

Демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?
Сурет: Inform.kz

Ауа райы жауын-шашынсыз деп болжанды.

Синоптиктер 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтары ғана Атлант циклонының әсерінен қарлы, боранды болады.

24 желтоқсанда күндіз республиканың солтүстігінде көктайғақ болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі.

«Демалыс күндері ауа температурасы аздап төмендейді. Батыста түнде -3-8 градустан -8-13 градусқа дейін аяз, Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында -5-13 градустан -10-25 градусқа дейін аяз, шығыста -15-23 градус аяздан -10-18 градус аязға дейін ауытқиды, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста біртіндеп 5-25 градустан 0-15 градус аязға дейін көтеріледі», - делінген хабарламада.