Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Сурет: Ашық дереккөз

19 наурызда Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі

Қазгидромет алдағы демалыс күндеріндегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік, шығыс жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік жартысында жаңбыр, найзағай болады.

19 наурызда Алматы облысының, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің батысында болжанады.

ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 7-20 градусқа, ал күндіз 0-8 градусқа дейін төмендейді.