Демалыс күндері Алматы тауларында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді

Демалыс күндері Алматы тауларында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді
Сурет: Gov.kz

Қала құтқарушылары ескерту жасады.

«Қазгидромет» мамандарының дауылды ескертуінің негізінде Алматы құтқарушылары қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алматы қаласының тауларында 30 шілде күндіз және 31 шілдеде түнде кей жерлерде қатты жаңбыр, дауыл бұршақ жауып найзағай күиілетіні туралы хабарлаймыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды»,- делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.