Демалыс орнына сусын мен тамағыңызды алып кіре аласыз

Демалыс орнына сусын мен тамағыңызды алып кіре аласыз
Сурет: ашық дереккөз

Еліміздегі демалыс орындарына кез келген азамат өзімен бірге тамақ және сусын алып кіруге толықтай құқылы. 

ҚР Сауда министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті демалыс аймақтарында ел азаматтарының құқықтарына қалай қысым жасайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Жаз келіп, демалыс кезі қызатын шақ. Осы кезде азаматтардың көбі демалыс аймақтарына көптеп шығады. Сондай сәтте өздерімен бірге тамақ сусындарын алып келуге ниет танытады. Алайда демалыс аймағының иелері оларға өздеімен алып келген заттарын алып кіруге тыйым салады», – делінген хабарламада.

Комитеттің Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Рамазан Бареновтің айтуынша, заңды түрде сатып алынған кез келген сусындар мен тамақ тұтынушының жеке меншігі болып табылады және оны ешкім шектей алмайды. Егер әркім билет сатып алса немесе оның аумағына кіру үшін ақы төлесе, тамақ пен сусындармен демалыс аймағына еркін кіруге құқылы, өйткені бұл жасалған шарттың нысаны болып табылады.

«Егер демалыс орнына кіру үшін арнайы билет сатып алған болсаңыз, қолыңызда демалыс аймағына кіруге жасаған төлеміңіздің чегі немесе билетіңіз болса, онда сусын мен тамақты өзіңізбен бірге алып кіруіңізге толық құқығыңыз бар»,-деді Рамазан Баренов.

Егер демалыс аймағының иесі кіруіне тыйым салса, бірден арыз жазуға болады. Тіпті бұл үшін кәсіпкер Әкімшілік кодекстің 163-бабы 2-бөлігі (Жосықсыз бәсекелестік) бойынша жауапқа тартылады.