«Дельта» штамынан қандай вакцина қорғайды?

«Дельта» штамынан қандай вакцина қорғайды?
Сурет: Мeteo-tv.ru

Бұл сұраққа Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Сергей Нетесов жауап берді.


Биология ғылымдарының докторы, Новосибирск мемлекеттік университетінің (НМУ) бионотехнологиялар, микробиология және вирусология зертханасының меңгерушісі, Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Сергей Нетесов коронавирустың «дельта» штамына қарсы қандай вакциналар тиімді екенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Lenta.ru жариялаған сарапшының пікірінше, негізгі компоненттері вирустар, матрицалық рибонуклеин қышқылы және ақуыздар болып табылатын мРНҚ және векторлық вакциналар инфекцияның үнділік нұсқасынан қорғайды. Ресейлік «Спутник В» екпесі де тиімді вакциналардың қатарына кіреді.


Сонымен бірге Нетесов Ухань штамына қарағанда қорғаныс деңгейі аз екенін түсіндірді. «Олар бастапқы нұсқадан 95 пайызға қорғады, ал қазір олар «дельта » нұсқасынан 90 пайызға қорғайды», - деп түсіндірді ол.


Бұдан бұрын ғалымдар коронавирустың «дельта» нұсқасынан қорғаныс құрған. Эксперименттер барысында Таиландтан келген мамандар Синовак вакцинасының екі дозасы мен AstraZeneca дозасының араласқан түрі адамда жаңа штамға қарсы тұру үшін жеткілікті иммунитет туғыза алатындығын анықтады.