«Дельта» дүние жүзіне шабуыл жасауда

«Дельта» дүние жүзіне шабуыл жасауда
Сурет: Ria.ru

Бұрын-соңды болмаған COVID-19 деңгейі Францияның мұхиттағы департаменттерінде байқалды.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналының мәліметінше, Гваделупа мен Мартиникада реанимация бөлімшелерінде орын жоқ. Билік туристерден аралдардан кетуді сұрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Финляндияда пандемия басталғаннан бері ең жоғары аурудың тәуліктік максимумы тіркеледі. Науқастардың 90% «дельта» штамын жұқтырған. Негізінен вакциналанбаған 20-30 жас аралығындағы азаматтар ауырған.

Сондай-ақ, Австрияда вакцинация процесі Сент-Степанның соборындағы органның сүйемелдеуімен өтті. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, олар тұрғындардың мұндай көп көлемінің вакцина алуға келуін күтпеген.

Оңтүстік Кореяда аурудың күрт өсуі тіркелді. Күніне 2000-нан астам вирус жұқтырған тұрғын тіркелуде, бұл пандемия басталғаннан бері елдегі ең жоғары көрсеткіш. Дәрігерлер бұл көрсеткіштер демалыс күндерінен кейін күрт артады деп қауіптенеді – жексенбіде ел  Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

Косово билігі бір күнде анықталған коронавирус тасымалдаушыларының рекордын жариялады. Ұлттық денсаулық сақтау институты 1009 жағдай туралы ақпар берді. Көбісі «дельта» штамымен ауырған. Ресми мәліметтерге сәйкес, Косовода пандемия басталғаннан бері инфекцияның 112 653 жағдайы анықталды, 2 273 адам COVID-19 асқынуынан қайтыс болды. Косово тұрғындары Pfizer және AstraZeneca вакциналарына қол жеткізе алады.