ДДҰ пандемияның әлі аяқталмағанын мәлімдеді

ДДҰ пандемияның әлі аяқталмағанын мәлімдеді
Сурет: Uralskweek.kz

Табысы төмен елдердің 1 миллиардқа жуық тұрғыны әлі вакцинацияланбаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында сөз сөйлеген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс COVID-19 вирусының қауіптілігі туралы еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияның пандемиясы тіркелген жағдайлардың азаюына қарамастан әлі аяқталмаған.

«Біз қырағылықты өз тәуекелімізбен төмендетеміз. Тестілеуден және секвенирлеуден бас тарту вирустың эволюциясын байқамайтынымызды білдіреді», -деді ДДҰ басшысы.

Ол табысы төмен елдердің 1 миллиардқа жуық тұрғыны ковидке қарсы әлі күнге дейін вакцинацияланбағанын атап өтті.

«Тіркелген жағдайлар тестілеу көрсеткіштері төмендеген барлық аймақтардағы 70-ке жуық елде артып келеді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта әлемде маймылдар шешегін жұқтыру жағдайларының саны артып келеді. Маймыл шешегі тіркелген елдердің саны 15-ке жетті. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.