ДДСҰ тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі

ДДСҰ тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі
Сурет: Stopfake.kz

ДДСҰ тіркеген вакциналар сатып алынады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Coronavirus2020.kz-ке cілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрдің дерегінше, Президент Жолдауын іске асыру жалпыұлттық жоспарының екінші бағытында сегіз іс-шараны іске асыру көзделген.

Дәлірек айтсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі. Медициналық бұйымдарға зертханалық және техникалық сынақтар жүргізу орталығын құру көзделеді.

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында кемінде 12 санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханасы жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етіледі. Отандық тауар өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасы кеңейтілетін болады», - деді Әсет Ерғалиев.