ДДСҰ: COVID-19-дан қайтыс болғандар саны күрт артты

ДДСҰ: COVID-19-дан қайтыс болғандар саны күрт артты
almaty-akshamy.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, COVID-19-дан орын алған өлім-жітім санының күрт өскен, деп хабарлады almaty-akshamy.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«Өткен аптада әлемде COVID-19 жұқтыру фактілерінің жалпы саны 3,8 миллионнан асты, мұның салдарынан қаза тапқандар саны күрт өсті. 69 мыңнан астам адам қайтыс болды, бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 21%-ға көп. Бұл туралы ДДҰ-ның апта сайынғы есебінде айтылған. Коронавирус инфекциясының жылдам таралуы Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Батыс Тынық мұхиты аймағында байқалады», - делінген ақпаратта.