ДДСҰ басшысы пандемияның қай кезде аяқталатынын айтты

ДДСҰ басшысы пандемияның қай кезде аяқталатынын айтты
Сурет: Theafricareport.com

Пандемияны жеңетін уақыт туралы айтылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус адамзаттың коронавирусты жеңетін барлық мүмкіндігі бар екенін, алайда әлем бұл мүмкіндіктерді тиісті деңгейде қолданбай отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Әлем пандемияны тоқтатуға нақты шешім қабылдаған кезде, ол аяқталады. Бұл біздің қолымызда», – деді ДДСҰ басшысы.

Сонымен қатар, ол әлем пандемияны жеңу үшін барлық құралды пайдаланбай отырғанын айтты. Гебрейесус ДДСҰ-ның 2021 жылдың аяғына дейін әр елде кем дегенде 40 пайыз халықты иммундау мақсатын еске салды. Ол вакцинаның жеткізілуін бақылайтын елдер мен компаниялар мәлімдемесі әрекетіне сәйкес келген жағдайда ғана мақсатқа қолжеткізуге болатынын баса айтты. Ұйым басшысы осы көрсеткішке жеткен елдерді COVAX халықаралық тетігі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге басымдық берді. Сонымен қатар Гебрейесус пандемияны тоқтату үшін вакциналарға зияткерлік меншік құқығын тоқтату қажет деп санайтынын айтты.