ДДСҰ маймыл шешегінің атын өзгертеді

ДДСҰ маймыл шешегінің атын өзгертеді
Сурет: Qazaqtv.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі вирусының және аурудың өзінің атын өзгерту туралы шешім қабылдады.

Қазір бұл мәселе жөнінде ортопоксивирус бойынша мамандарымен талқылау жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Аурудың атауын дұрыс бекіту «теріс әсерді азайту үшін» керек. Ол ешкімге зиян келтірмеу тиіс.

Сондай-ақ, «шошқа және құс тұмауы» атауларының Ұйымның ұсыныстарына сәйкес келмейтіні атап өтілді. ДДСҰ жануарларға, географияға, адамдардың есімдері мен мәдени сілтемелерге қатысты атауларды қолдануға тыйым салады.