ДДСҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы CONVIDECIA вакцинасын мақұлдады

ДДСҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы CONVIDECIA вакцинасын мақұлдады
Сурет: Inform.kz

Бұл - ДДСҰ сертификаттаған Sinopharm және Sinopec-тен кейінгі үшінші қытайлық вакцина.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 19 мамыр күні Қытайдың CanSino Biologics биофармацевтикалық компаниясы әзірлеген COVID-19-ға қарсы CONVIDECIA вакцинасын мақұлдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Вакцина аурудың белгілеріне қарсы 64% және ауыр COVID-19-ға қарсы 92% тиімді екені анықталды. CONVIDECIA сонымен қатар ДДҰ-ның иммундау бойынша сарапшылардың стратегиялық консультативтік тобында (SAGE) қаралды, ол оны 18 жастан асқан барлық жас топтарында бір реттік 0,5 миллилитр доза ретінде пайдалануды ұсынады. Вакцинаны қолдану бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар жақын арада жариялануы тиіс.