ДДҰ: Әлемде коронавирустан өлім деңгейі 9 пайызға қысқарды

ДДҰ: Әлемде коронавирустан өлім деңгейі 9 пайызға қысқарды Сурет: Тula.bezformata.com

Індеттің беті қайтып жатыр


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) таратқан мәліметке сай, вирус жұқтыру жаңа оқиғаларының саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 2 пайызға, ал одан болған өлім оқиғалары 9 пайызға қысқарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.


Өткен аптаның ішінде әлем бойынша 4,1 млн астам адам коронавирус жұқтырып, 44 мыңнан астамы қайтыс болды.


ДДҰ-ның апта сайынғы эпидемиологиялық бюллетенінде келтірілген статистикалық мәлімет бойынша, 13-19 желтоқсан аралығында қауіпті вирус жұқтырған 4 177 622 адам анықталып, 44 616 өлім оқиғасы анықталды. Бұл алдыңғы аптаға қарағанда, тиісінше 2 және 9 пайызға аз.


Сонымен бірге, Африкада коронавирус жұқтырудың (53 пайыз) және одан болған өлім оқиғалары санының (15 пайыз) айтарлықтай өсімі тіркелді. Африкадан басқа, ауру жұқтыру деңгейі Батыс-Тынық мұхиты аймағында да өскен (12 пайыз).


Қауіпті вируске шалдығу оқиғаларының 63 пайызы Еуропада тіркелген, ал одан болған өлім оқиғалары 60 пайызды құрап отыр.


Сонымен бірге, онда ауру жұқтыру деңгейі 3 пайызға, ал өлім-жітім деңгейі 7 пайызға қысқарған. Америкада коронавирус жұқтыру жаңа оқиғаларының саны 10 пайызға, ал Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Жерорта теңізі аймағында 12 пайызға қысқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21