Сайлау – мереке іспетті

Оқушылар сарайына орналасқан №377 сайлау учаскесіне келген дауыс берушілердің көңілі бірден көтерілді. Оқушылар сарайының ұлт аспаптар  оркестрі келушілерді  халық компазиторларының шығармаларын орындап қарсы алуда.

«Сайлау – қай кезден де мереке іспетті. Өйткені, бұл күні біз мемлекетіміздің жарқын болашағын болжап, дауыс беріп жатырмыз. Біз ертеңгі күннің жарқын болатынына сенімдіміз. Ертеңімізге сеніп, дауыс бердік.  Қараңызшы, дауыс беріп жатқан ересек кісінің де, жастардың да жүзінен қуаныш табы білінеді.  Бұл сайлаудан кейінгі өміріміздің  жарқын болатынының  нышаны», - дейді қала тұрғыны Ағыбай Мейрамбекұлы.