Дауылпаз дауыс иесі

Дауылпаз дауыс иесі Сурет: интернеттен

Бүгін – диктор, Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың туған күні.



Осыған орай дауырпаз дауыс иесінің ой-толғамдарын ұсынуды жөн көрдік. 





 Диктор — мәтінмен дұрыс жұмыс істей алатын журналист.






 Диктор кең тынысты адам болуы керек. Ол ішке терең бір рет дем алып, сол ауаны он төрт рет санағанша аз-аздап шығаруға, соны осы тылсым шаққа үнемдеп жеткізуге үйренгені дұрыс.




 Диктор болам деген жас талапкер үш зауалдан: тамаққа суық тигізіп алудан, темекі тартудан және шекілдеуік шағудан аулақ болғаны жөн. Өйткені мұның үшеуі де — табиғаттың өзіне берген тамаша көмей дауысын барылдатып бүлдіретін зымиян, сазды үн мен музыкалы әуездің қас жауы...






 Жасыл түсті ұнатамын. Жасыл түске жастайымнан құмармын. Шіркін, жасыл жайлауға не жетсін! Оның себебі көзімнің сәл-сәл ақауы болғандықтан шығар. Тегі жасыл түске нұр біткен жақсы қанады. Жасыл бояу — ежелден, сонау бағзы заманнан жолы болған бояу. Мәселен, пойыз бен машинаның жолы болуы үшін қашаннан жарқырап жасыл жарық жанады емес пе?!





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38