Дархан Асаділов Токио Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды

Дархан Асаділов Токио Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды
Сурет: Оlympic.kz

Отандасымыз топ жарды!

Токио Олимпиадасында каратэден Дархан Асаділов қола жүлдені ел қоржынына салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жерлесіміз ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық спортшы жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Дархан - каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол Қазақстан қоржынына жетінші қола медальді салды.